• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда қарақшылық шабуыл жасаған адам 25 жылдан кейін шетелде табылды

Павлодарда қарақшылық шабуыл жасаған адам 25 жылдан кейін шетелде табылды

 

 

Осыдан ширек ғасыр бұрын жасалған қылмыстан ер адам Шешен Республикасында жасырынған дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Қарақшылық қылмыс 1998 жылдың жаз мезгілінде Павлодарда жасалған көрінеді.

 

-Криминалдық полиция қызметкерлері ресейлік әріптестерімен бірге Ресей Федерациясының Грозный қаласында тұратын 55 жастағы ер адамды ұстады. Тергеу нұсқасы бойынша, ол 1998 жылы тамызда Павлодар қаласында тапанша мен балта қолданып, ағайынды жігіттерге қарақшылық шабуыл жасады әрі Nissan автокөлігін иемденді деген күдікке ілінген. Қылмыс жасағаннан кейін ізін суытқан, - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Фото: freepik.com