• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда қауіпті химиялық зат зардаптарын жою бойынша оқу-жаттығу өтті

Павлодарда қауіпті химиялық зат зардаптарын жою бойынша оқу-жаттығу өтті

Оқу-жаттығу барысында полиция, құтқарушылар, өрт сөндірушілер және дәрігерлер мұндай апат кезінде адамдарды құтқаруда қалай әрекет ету керектігін көрсетті. Бұл ретте өрт сөндірушілер химиялық қорғау костюмдерін пайдаланып, цистернаға апаттық бандаж жапсырды. Ал күкірттің ауадағы көлемін су шашырату арқылы жойды. Апаттар медицинасы мамандары жапа шегушінің денсаулығын бақылауда ұстады. Айта кету керек, құтқарушыларда күкірт қышқылының ағып кетуі зардаптарын жоюда шынайы тәжірибе болған еді. Ол кезде Екібастұзда абырой болғанда ешкім жапа шекпеді.

 

- Мұндай оқу-жаттығулар маңызды. Себебі цистернадан қауіпті, улы сұйықтықтың ағып кетуі оттың шығуына әкелуі мүмкін. Бұл жақын маңдағы елді мекендердегі тұрғындар үшін қауіпті. Оқу-жаттығу аясында біздің қызметкерлер өз дағдылығын арттырып қана қоймай, теміржол мен басқа қызметтердің өкілдерімен ынтымақтастығын пысықтады,-деді Павлодар облысы ТЖД ТЖ жою басқармасының басшысы Ақылбек Баяхметов.

 

Адамдарды құтқару мен апат салдарын жоюға жарты сағат ғана уақыт кетті. Ал мұндай оқиға шынайы орын алған жағдайда операцияның қанша уақытқа созылатынын болжау қиын.