• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда өгей қызына қылмыстық сипаттағы зорлық көрсеткен ер адамға қатысты сот үкімі шығарылды

Павлодарда өгей қызына қылмыстық сипаттағы зорлық көрсеткен ер адамға қатысты сот үкімі шығарылды

 

 

 

Павлодарда ер адамға өгей қызына қылмыстық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасағаны үшін үкім шығарды. Істе осы жылдың көктемінде орын алған үш дерек бар деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Тергеу нұсқасы бойынша 35 жастағы ауылдық тұрғын 12 жастағы өгей қызына қатысты зорлық әрекеттерін сәуір айында жасаған. Екі аптадан соң жағдай қайталанған. Тағы біраз уақыттан соң ер адам 16 жасқа жетпеген тұлғаны азғындау деп танылған тағы бір дерекке жол берген. Барлық жағдай бойынша айыптау үкімін шығарды.

 

-ҚК 58 бабы 4, 5 бөлімі бойынша қылмыстық құқықбұзушылықтарды біріктіре отырып, өмір бойынша бас бостандығынан айырумен қатар педагогикалық лауазымда жұмыс істеу құқығынан айрылсын, - деп хабарлады Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Нұрлан Айтбаев.

 

Сонымен қатар ер адамды моральдық шығын ретінде 7 миллион теңге төлеуге міндеттеді. Белгілісі ер адам жапа шеккен қыздың анасымен 2020 жылдан бастап тұра бастаған. Әйелдің 2019 жылғы қызы да бар. Үкім заңды күшіне енген жоқ.