• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда өртке қауіпті маусым басталғалы бері терек мамығы жануының төрт дерегі тіркелген

Павлодарда өртке қауіпті маусым басталғалы бері терек мамығы жануының төрт дерегі тіркелген

 

 

Бұған отты абайсыз пайдалану себеп болған. Көбінесе балалар шырпы жағып ермек қылады, ал кейде ересектер де ойнайды екен.

 

Сіріңке ойыншық емес, ал терек мамығын жағу өте қауіпті ермек. Құтқарушылар мұндай ойынның арты қайғылы аяқталуы әбден мүмкін екенін айтады. Мұндай жалынды тоқтату қиын. Сол себепті адамдар оны сөндірмей кетіп қалады.

 

-Терек мамығын жаққан соң қоршаулар жанған оқиғалар болды. Көліктер де отқа оранды. Ол келесі көрші тұрған ғимаратқа ауып кетті. Осындай оқиғалар көп кездеседі,-деді Павлодар қаласы ТЖБ басшысы Еркін Каукенов.

 

Оқушылар үшін оқыту курсын өткізіп, тіпті аздаған өрттің өзі қайғылы аяқталуы мүмкін екенін айтты. Сол себепті қауіпсіздік үшін балалардың көзінше мамықты жақпады. Бұл ретте өрт сөндіргіш құралды қалай пайдалану керектігін көрсетті. Оның өзін ақан ептілікпен қолдана білген жөн. Айта кету керек, терек мамығын жағдудың қауіпті екенін балалар да білетін болып шықты.

 

- Өткен жылы естігенім бойынша кішкентай балалар терек мамығын жағып, үлкен өрт шығып көлік өрнетін кеткені туралы оқиғаны естігенмін,-деді А.Шамкенов атындағы мектеп-лицейдің оқушысы Василина Филатова.

 

Айта кету керек, білім бөлімі мен ТЖБ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл ретте әрбір мектепке оқушыларға от пен судағы қауіпсіздік ережелері туралы оқу өткізетін бір құтқарушы бөлінеді.