• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда 109 бірыңғай байланыс орталығы үшін арнайы безендірілген трамвай жолға шықты

Павлодарда 109 бірыңғай байланыс орталығы үшін арнайы безендірілген трамвай жолға шықты

 Қала тұрғындары қоғамдық көлік ішінде орталыққа қатысты барлық ақпаратты біліп, байланыс нөміріне тәулік бойы, кез келген мәселе бойынша хабарласа алады дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Облыс әкімінің бастамасына трамвай басқармасы бірден қолдау білдіріпті. Бұл вагонда қаламыздың тұрғындары үшін қажетті ақпараттардың барлығы болады. Онда 109 орталығымен байланысу каналдары көрсетілген. Еске сала кетсек, егер тұрғындарда ТҮКШ, әлеуметтік қорғау, денсаулық және білім беру бойынша сұрақтар болса 109 қысқа нөмірі сіз үшін мәселені шешудің таптырмас жолы.

 

- Жалпы есеппен ай сайын біздің орталыққа 6-8 мың түрлі деңгейдегі өтініштер арыз-шағымдар келіп түседі. Ол келген өтініштердің барлығы тиісті мемлекеттік мекемелерге, жауапты коммуналдық органдарға жіберіледі. Алдағы уақытта біз 109 орталығының жұмысын одан әрі жетілдіріп, халық арасында өте тығыз қарым-қатынаст орнату үшін бар күшімізді салатын боламыз,-деді Павлодар облысы 109 бірыңғай байланыс орталығының директоры Абзал Қабдраш.

 

109 бірыңғай байланыс орталығы үшін арнайы безендірілген вагон қаланың барлық бағыттары бойынша қатынайтын болады. Бұл шаһарда туындаған кез келген мәселені жылдам әрі сапалы шешуге сеп болатыны сөзсіз.