Павлодарда 12 магистральді көшені жөндеу жоспарланған

Жұмыстар конкурстық шаралардан кейін 25-ші сәуірде басталмақ. Барысында Бұқар Жырау көшесі кеңейтіліп, Сәтпаев және Нұрмағамбетов көшелерінің ені қысқартылады. Осы ретте, көлік иелерінің ойы екіге бөлінді.

 

- Менің ойымша жаман болады. Жол онсыз да тар. Керісінше жолды кеңейту керек,- дейді қала тұрғындары.

 

Нұрмағамбетов және Академик Сәтпаев, Ломовтан Гагаринге дейінгі аралығында көліктер жолының ені қысқартылады. Ол жерде жаяу жүргіншілерге арналған жолдың құрылысы қолға алынбақ. Барлық жөндеу жұмыстарының жүргізілуі тұрғындарға барынша қолайсыздық тудырмауы үшін жұмыстар кезеңмен жүргізілмек,- дейді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

 

Әкімдікте көшелердегі жөндеу шаралары 7-8 күннің ішінде аяқталады деп сендірді. 25 шақырымнан аса жолдың құрылыс-монтаждау жұмыстарын шамамен тамыз айына дейін аяқтауға тырысады.

 

Авторы:Айтмұхамбет Айғожа