• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда 12 мыңнан астам тұрғын қатерлі ісік ауруымен тіркелген

Павлодарда 12 мыңнан астам тұрғын қатерлі ісік ауруымен тіркелген

Сонымен қатар өкпе, тері, жатыр мойнының қатерлі ісігі де кең таралған. Мамандардың айтуынша басымдылық 50-70 жас аралығындағы тұрғындарда.

 

- 30-40 жастан былай қарай Қазақстан бойынша 3 скрининг бағдарламасы өтеді. Сол бағдарлама бойынша скрининг кабинеті бар. Тұрақты емхана бойынша скрининг кабинетіне кіріп өз жасы бойынша қайсын өту керектігін біліп скрининг бойынша тексеріс өткен дұрыс, - дейді Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінің онколог дәрігер Ернұр Нығманов.

 

Облысымызда өткен жылдың қорытындысы бойынша өлім көрсеткіші 835 адамды құраған. Бұл сандар жыл сайын азайып келеді дейді мамандар. Тек былтыр 2400-ге жуық жаңа науқас тіркелген. Қазіргі таңда облыстық онкологиялық диспансерде қатерлі ісік ауруымен 12 мыңнан астам адам есепте тұр. 7000-нан астамы 5 жылдан астам өмір сүріп жатқандар.