• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда 125 миллион теңгенің бағалы заттарын ұрлағандар ұсталды

Павлодарда 125 миллион теңгенің бағалы заттарын ұрлағандар ұсталды

Іс материалдарынан белгілісі екі күдікті, Алматы мен Семей қаласының тұрғыны, Талдықорғанға барған. Олардың бірі жеке үйге кіріп 125 миллион теңгенің бағалы әшекейлерін алып шыққан. Бриллианты бар алтын бұйымдар тізімінде «Van Cleef», «CHANEL», «Louis Vuitton», «Tiffany», «Rolex», «Bulgari», «Cartier» секілді фирмалардың қымбат әшекейлері бар. Тоналған заттармен қашып кеткен. Бірнеше күннен соң Павлодарға келген. Мұнда оларға тағы екі сыбайласы қосылған. Олар қымбат жол талғамайтын көлік арқылы пәтерді анықтап, қожайын кеткен кезде үйге кірген. Ақша мен 600 мың теңгенің алтын бұйымдарын қолды қылған.

- Олар бөтен мүлкін ұрлап алған үшін сонымен қатар олардың біреуі газ қаруын заңсыз сақтағаны үшін сотталды. Олардың біреуіне 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде, екіншісіне 4 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі төтенше мекемесінде, ал тағы екеуіне 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа мекемесінде өтеу жазалары тағайындалды, - дейді Павлодар қалалық №2-сотының баспасөз хатшысы Гүлсім Ахтаева.

Тағы екеуі үш жарым жылға темір торға қамалды. Ал ұрланған бағалы әшекейлердің тағдыры белгісіз. Үкімде материалдық шығын туралы айтылмаған.

 Авторы: Бибінұр Хамитқызы