• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда 169 миллиард теңгелік көпсалалы жаңа аурухана құрылысы басталмақ

Павлодарда 169 миллиард теңгелік көпсалалы жаңа аурухана құрылысы басталмақ

Павлодар арнайы экономикалық аймағы түркиялық инвесторлармен келісім жасаған.  Мекемені салатын да - солар. 500 орындық ауруханаға 169 миллиард теңге көлемінде жеке инсвестиция құйылады. Жоба мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асырылады.

 

-  Құрылысқа 1000 жұмысшы жұмылдырылады, мекеме іске қосылғаннан кейін 1460 жаңа жұмыс орын пайда болады. Павлодар қаласы әкімдігі тарапынан Достық мөлтек ауданында 10 га жер телімі бөлінді, - дейді «Павлодар арнайы экономикалық аймағы» басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Қайыркенов.

 

 

Көпсалалы медициналық мекеме ішінде хирургия, терапевтік, травмотология, дермато-венералогиялық және перзентхана блоктары болады деп күтілуде. Туркиялық инвесторлар еліміздің бірнеше аумағында дәл осындай бірнеше құрылыс жүргізбек. Биыл жобалау жасалып, жұмысты келер жылы бастау жоспарлануда. Инвестор ұсынған ақпаратқа сәйкес жаңа аурухана 2028 жылы қолданысқа беріледі.

 

Авторы: Дархан Бекишев