Павлодарда 20 жаңа автобус жолға шықты

Көлік тасымалдаушы компаниялардың бірі жыл соңына дейін сыйымдылығы жоғары 100 автобус бірлігін сатып алмақшы. Қазірдің өзінде Павлодарға 20 көлік жеткізіліп, олар бірден желіге шықты. Сарғылт түсті техникада бейнекамералар, валидаторлар, ауа баптағыш және мүгедектердің кедергісіз кіруіне арналған төмен саты бар.

 

-Осы айда кәсіпорын «ZHONGTONG» маркалы 20 жаңа автобус алды. Шілде айының соңына дейін тағы 20 бірлік жеткізіледі деп күтілуде. Қалған 60 автобус биылғы жылдың аяғына дейін жеткізілмек. Бүгін жаңа автобустардың бірінші бөлігі жолға шықты,-деп мәлімдеді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

 

Осылайша, әкімдік жылжымалы құрамды кезең-кезеңмен жаңарту және жүргізушілерді штатқа қабылдау арқылы Павлодардағы қоғамдық көліктің жұмысын жақсартпақшы.