Павлодарда 34 жаңа аялдама павильоны орнатылмақ

Ағымдағы жылы Павлодарда 34 жаңа аялдама павильонын орнату жоспарлануда. Олар 2 түрлі болады, өзара өлшемдерімен ерекшеленеді, атап айтқанда, ұзындықтары 3,5 және 4,5 метр.

 

-Бүгінгі таңда 18 жаңа аядама орнатылды. Олар Ак. Шөкин, Ак. Сәтпаев, Космонавтов, Торговая, Жібек жолы көшелерінің бойында орналастырылды,-дейді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Жансерік Қапзолла.

 

Жалпы 34 аялдамаға бюджеттен 100 миллионға жуық қаражат бөлінді. Қалған 16 павильонды ағымдағы жылдың соңына дейін орнату жоспарлануда.