Павлодарда 600 саяжай үй отқа оранды

Басым бөлігі Надежда бағбаншылығы. Надежда бағбаншылығында барлығы 600 саяжай үйі отқа оранған. Адамдардың айтуынша мұндағы жалын құрғақ шөпті жағудан тараған. Өрт сөндірушілер оны ауыздықтауға бір тәулік кеткенін хабарлады. Жаз бойы тер төгіп, күзде бейнетінің зейнетін көретін зейнеткерлер әрі қарай не істерлерін білмей дал болып қалғандарын айтады.

Сол себепті біздің редакция арқылы қоғамшылдармен еріктілерден көмек сұрайды.

 

-Үйім қатты бүлінбеген, ал қоршаулар толығымен жанып кетті. Ал көшеттер, алма, жүзімнен түк қалмады. Әрі қарай не істейтінімді білмеймін,- дейді саяжайшы Борис Балышев.

 

Шығын өте үлкен. Саяжайшылар шағын үйлерді қалпына келтіруге шамамыз жетпейді дейді. Сол себепті адамдардан оларды қалпына келтіруге көмек сұрайды. Айта кету керек, өрт сөндірушілер «Надежда» бағбаншылығынан адам мәйітін деп тапқан. Құтқарушылар болса өртке қауіпті маусым басталғалы тілсіз жаудың белең алғанын айтып дабыл қағуда. Дала өрті де азаймай тұр

 

-Аймағымызда 76 дала өрті тіркелді. Бұл екі аптада тіркелгені. Оның отызға жуығы Ертіс өзенінің жайылмасы болып табылады,- дейді Павлодар облысы ТЖД бастығының орынбасары Қайрат Шармайденов.

 

Құтқарушылар бағбандарды өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырып, оны сөндіруге де ат салысуды сұрайды.

 

Авторы:Бибінұр Хамитқызы