• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда 7 жол учаскесінде жылдамдықты бәсеңдеткіштерді орнатуды ұсынуда

Павлодарда 7 жол учаскесінде жылдамдықты бәсеңдеткіштерді орнатуды ұсынуда

Жылдамдықты бәсеңдететін құралдың қажеттілігі төңірегіндегі дау жүргізушілермен жаяулардың арасында ұзақ уақыт бойы айтылып келеді. Дегенмен, тәжрибеде оның керектігі айқын байқалады. Полицейлер тұрғындармен балалар қауіпсіздігіне қатысты бірқатар жұмыстар жүргізгендерін айтуда.

 

- Жол-көлік жарақаттанрын азайту мақсатында біз жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп құралдың негізгі бөлігін мектеп және мектепке дейінгі мекемелердің жанында, сондай-ақ апаттық-қауіпі мол учаскелерде орнатамыз,-дейді Павлодар қаласы ПБ ӘПБ мемлекеттік автоинспекторы Сұлтан Жүнісов.

 

Жыл басынан бері полицейлер қалалық әкімдікке жылдамдықты бәсеңдеткішті орнатуға 7 өтініш жолдады. Бұл негізінен мектептер мен балабақшалардың жанындағы учаскелер. Шенеуніктердің айтуынша, биыл аталмыш шара бойынша полицейлерге 29 миллион теңге бөлінген. Олар қар толық еріген кезде орнатыла бастайды.

 

- Жылдамдық бәсеңдету құралын орнату" іс-шарасы бойынша 2023 жылы мердігер ұйыммен келісімшарт жасалды. Аталған іс-шара аясында жасанды жол құралын орнату жоспарлануда, сондай-ақ бүлінгендерін қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіледі,-дейді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Эльмира Темірғалиева.

 

2022 жылы Павлодарда 683 шаршы метр жасанды жол кедергісі төселді. Тәртіп сақшылары тұрғындардың қалауы бойынша әр жерде орната алмайтындарын атап өтті. Мемлекеттік стандарттар бар. Полицейлер алдымен соған сүйенеді.