Павлодарда 700-ден астам қаңғыбас ит ауланған

Жергілікті билік бұл жұмысқа кәсіпкерлерді шақырып отыр.Соңғы уақытта қаңғыбас иттер қалада толып кетті, жануарларды қорғаушылар дабыл қағып оларды өлтірмеуді сұрайды. Осыған байланысты жақында жаңа заң өз күшіне енеді. Төрт аяқтыларды атуға, сондай-ақ ит пен мысықтарды тағамға қолдану мақсатында өсіруге тыйым салынады. Кері жағдайда қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

 

  • Үй жануарларының иелері ауысқан жағдайда оны міндетті түрде тіркеу қажет. Әр бір үй жануарында жеке номері болады. Сондай-ақ, қазіргі таңда біз жануарларға арналған пананың құрылысы жүргізілетін жер телімін белгіледік. Қазіргі таңда бұл жұмыспен айналысатын серіктес анықталып жатыр, - дейді Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Өтешов.

 

Осы ретте, шенеуніктер иттерге арналған жекеменшік пана ашу үшін аймағымыздың кәсіпкерлерін шақырып отыр. Олардың айтуынша, бұл табыс көзінен бөлек, қоғамға деген үлкен пайда. Сондай-ақ, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміз бойынша жылжымалы цирктердің жұмысына тыйым салынады.

 

Авторы: Аида Адрахова