• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау қалай жүргізілуде?

Павлодарда адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау қалай жүргізілуде?

 

 

Қазақстанда қыздарды жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы – адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау жүргізілуде. Қазіргі уақытта мыңнан астам қыз балаға екпе салынған деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес 11 жастағы қыздар жоспарлы тәртіппен вакцинациялауға жатады. Сондай-ақ 12 жастан бастап 13 жасты қоса алғандағы жастағы қыздарға қосымша иммундау жүргізіледі. Осы орайда санитарлық дәрігерлер АПВ-ға қарсы вакцинациялау үздіксіз жасалып жатқанын жеткізді.

 

- Екпе қауіпсіз. Оның кері жанама әсерлері жоқ. Және болашақта адамның репродуктивті қызметіне тигізетін кері әсері жоқ. Ол АПВ-ның төрт типінен қорғайды. Бүгінгі таңда мыңнан астам оқушы екпені алды. Вакцина жасап сіз баланы ертеңге қауіпті індеттен қорғай аласыз,-деді Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысының орынбасары Замзагүл Дощанова.

 

Екпе мектептердің медициналық кабинеттерінде ата-аналардың немесе заңды өкілдерінің хабардар етілген келісімін алғаннан кейін жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ ата-аналардың қалауы бойынша вакцинация тіркелген жердегі емханаларда да жасалуда. Ал мед пункттері жоқ шалғай ауылдарға арнайы бригадалар барады.

 

Фото: Freepik.com