• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда АИТВ-инфекциясының алдын алуға қарсы роликтер LED экрандарда көрсетілуде

Павлодарда АИТВ-инфекциясының алдын алуға қарсы роликтер LED экрандарда көрсетілуде

 

 

Танымдық бейнероликті байқамай қалу мүмкін емес. 140 шаршы метрлік монитор кез келген нүктеден анық көрінеді. Қазақстанда жылына мыңдаған адам қорғаныс тапшылығының қабілетсіздігіне шалдығады. Осы ретте, павлодарлық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы белсенді түрде қоғамды ақпараттандыруда. Осылайша олар қауіпті індеттің белең алуына тосқауыл болуда. Бұл ретте, тұрғындар да өз ойларымен бөлісіп үлгерді.

 

-Мен Артур жанынан өтіп бара жатқан кезде күн сайын LED экранында осы жарнаманы көремін. Мұнда АИТВ инфекциясына қарсы адамдардың не қолдану керек екенін мүшеқапты қолдану керек екенін және осы адамдарға өте пайдалы ақпарат деп санаймын,-деді Павлодар тұрғыны.

 

Жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде АИТВ-инфекциясынан көз жұмғандар еске алынады. Әлбетте, барлығы қарапайым сақтық шараларын ескермеуден орын алады. Тіпті жалғыз қорғаныссыз байланыстың өзі қауіпке әкелуі ықтимал. Мұны естен шығармаған жөн дейді мамандар.

 

-Павлодар облысында АИТВ-мен өмір сүретін 2559 адам бар. Олардың жартысына жуығы жыныстық жолмен жұқтырған. Дұрыс мінез құлық АИТВ-дан сақтанудың сенімді жол екенін ескерген жөн. Денсаулығыңызға абай болыңыз. АИТВ инфекциясының таралуын тоқтатып ұрпақ саулығын ойласаңыздар мүшеқап пайдаланыңыздар,--деді Павлодар АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының маманы Құралай Бараисова.

 

LED экрандағы бейне үндеу тәулік бойы көрсетіледі. Өзге тұрғындар да оның маңыздылығын түсінгендей, бәрі көз жүгірте қарауда. АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы бұдан бөлек бірқатар бағдарламалар аясында жұмыс жасауда, соның ішінде «Зияндылықты төмендету» бағдарламасы ең тиімді ретінде танылуда.