• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда Айманов көшесі №5 үйдің алды алып қоқыс үйіндісіне айналған

Павлодарда Айманов көшесі №5 үйдің алды алып қоқыс үйіндісіне айналған

 

 

Бұл жерге тұрмыстық қалдықтар күнделікті үйіп төгілуде деп дабыл қағуда тұрғындар. Бұған қоқыс контейнерлерінің дұрыс емес қойылуы да себеп болуда дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Тамыз айында коммуналшылар қоқыс бактарын осы жерге ауыстырған. Контейнерлер тұрғын үйге жақын орналасқан. Бұған баспана иелерін қарсылсығын айтып, жеткізген еді. Бірақ, құлақ асқан ешкім жоқ, ендігі салдары осындай.

 

- Ертіс өзені жағынан жел көтерілсе болғаны, қоқыс иісі тура үйге келеді. Қоқыс аулада шашылып жатады. Оған қоса, қоқысты жинайтын мердігерлік ұйым, контейнерлерге жақындай алмайды. Себебі техника өтетін, қоқысты жинайтын жол ескерілмеген,-деді Айманов көшесіндегі №5-үйдің тұрғыны Ирина Стинская.

 

Оған қоса, тұрғындар қоқыс жинау техникасының бұл жерге кірмеуін өздері өтінуде. Гараж кооперативінде КАМАЗдардың кіріп-шығуы салдарынан ғимарат төбесі зақымдануда дейді.

 

-Үлкен техника бұл аумаққа кіргеннен, плиталар опырыла бастаған. Бұл жерге кірмеңіздер деп бірнеше рет айтқанмын. Трактор ішіне құлап кетсе, кім қалпына келтіреді?,-деп шағымын жеткізді гараж кооперативінің иесі Владимир Бергородский.

 

Қоқыс контейнерлері бұрынғы орында, яғни, үйден алыс тұрғанда, ешқандай мәселе туындаған емес дейді павлодарлықтар. Сондықтан қалпына келтіруді талап етуде.