Павлодарда алда әлі +15 градус жылы болады

Түнгі температура 0 градус шамасында болса, күндіз +2- +7 аралығында. Орташа тәуліктік температура қазіргі таңда қалыптағыдан 2-5 градусқа төмен дейді Қазгидромет мамандары.

 

- Қазан айы жауынмен басталса, жаңа айдың екінші онкүндігінде температура көтеріледі. Яғни  қазан айының алғашқы онкүндігі мен үшіншісінде жауын-шашынды ауа райы сақталмақ. Яғни келесі айдың ортасында шамамен +15 градусқа дейін ысиды деп күтілуде, - дейді Павлодар облысы бойынша «Қазгидромет» РМК  инженер-синоптигі Елена Головченко.

 

 

Дегенмен де қазан айының басында -10 градусқа дейін қатқақ болады деп болжайды синоптиктер. Қар аралас жаңбыр жаууы да ықтимал. Негізгі жауын-шашын облыстың солтүстік аудандарында күтілуде.

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы