• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда алкоголь ішіп, қару қолданғысы келген полицейді жұмыстан шығарды

Павлодарда алкоголь ішіп, қару қолданғысы келген полицейді жұмыстан шығарды

 

 

Бұрынғы тәртіп сақшысы оған қатысты қызметтік тексеріс бұзушылықтармен жүргізілгенін хабарлап, лауазымында қайта қалпына келтіруде өтініп қалалық сотқа жүгінді деді irbistv.kz тілшісі.

 

Ер адамның айтуынша, jk полиция жейдесінде алкоголь ішкен емес. Дегенмен қызметтік тексерісте оның мас күйде, от қаруды қолданғысы келгендігі жазылған. Бұл туралы куәгер түсініктемесінде айтылған екен.

 

-Сот барлық деректерді сараптаg, куәгерлерді тыңдап, қызметті тексерістің бұзушылықтармен жасалғандығын жоққа шығарды. Медициналық сараптамадан өтуден бас тартуы да расталған,- деді қалалық соттың баспасөз қызметінде.

 

Сот тәртіптік жазаның қолдануын заңсыз деп тануға себеп жоқ екендігін алға тартты. Бұл ретте, медициналық тексеруден өтуден бас тартудың өзі шағымдануға негіз болды.

 

-Азаматтық істі қарастыру барысында Павлодар облысы ПД қатысты да жеке ұйғарым шығарылды. Сот дәлелдемелерді, оның ішінде бейнежазбаларды зерделеу кезінде талапкердің Қазақстан Республикасы құқық қорғау, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің Әдеп кодексінің нормаларын бұзғанын анықтады, бұл жеке құраммен тәрбиелік, психологиялық және идеологиялық жұмыстың төмен деңгейін көрсетеді. Дегенмен жауапкер қабылданған шешіммен келіспей, жоғары тұрған сатыға шағымданды. Бірақ, Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен шешім өзгеріссіз қалдарылды,-деді қалалық сотта.


Сот шешімі заңды күшіне енді.

 

Фото: Freepik.com