• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда аллергияны қоздыратын арамшөпке қарсы күрес жүргізілуде

Павлодарда аллергияны қоздыратын арамшөпке қарсы күрес жүргізілуде

Павлодарлық биолог жер қойнауын пайдалану басқармасының қолдауымен циклахенамен күрес ережесін құрастырған. Естеріңізге сала кетейін, аймақтағы бұл арамшөптен келетін мәселе бірнеше жыл бұрын пайда болды. Ол адамдардың аллергиясын қоздырып, жануарларды сеспей қатырып, басқа өсімдіктерді ығыстыруда.

 

Татьяна Пономареваның циклахенамен күресіп жүргеніне бірнеше жыл. Америкалық арамшөптің бізде пайда болғанына он жылдан асқан. Биологтердің айтуынша ол өте қауіпті өсімдік. Тез тарап, басқа өсімдік түрлерін ығыстырады. Ал қарқынды көбейіп жатқан елді мекендерде құс пен малдың саны азайған.

 

-Мәселен Ефремовка ауылы. Онда бұрын үй құсы мен мал көп болатын. Алайда онда циклахена қаптап өсіп кетті. Ондай ауылдар өкінішке орай көбейіп барады. Жайылмада көп өсуде. Біздің міндет оның санын азайту,-дейді биолог Татьяна Пономарева.

 

Биологтер Павлодар облысының ауылдарын аралап, циклахенаның таралуын зерттеуде. Бір өсімдік 3 мың тұқымға дейін береді екен. Жерсінуі де жақсы. Сол себепті онымен аймақтың әр тұрғыны саяжайда, бақшада, үйдің айналасында күресуі керек деп санайды.

 

-Қазіргі уақытта біз жер қойнауын пайдалану басқармасының қолдауымен жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Осындай парақшалар жасадық. Оған өткен жылғы нәтижелерді салдық,-деп мәлім етті Татьяна Пономарева.

 

Парақшада циклахенамен күрес ережелері жазылған. Мәселен маусымның соңында оны шабудың пайдасы жоқ дейді, ал шілдеде кірісуге болады. Тамызда ол гүлдейтіндіктен мүлдем тиіспеген жөн. Ал қыркүйек айында гүлшоғырын қиып, өртеп немесе 40 см үлкен тереңдікке көму қажет. Тақілеттес кітапшаларды барлық облыс тұрғындарына таратпақ.