Павлодарда апатты үй тұрғындарын көшіруге 550 миллион теңгеден астам жұмсаған
Естеріңізге сала кетейін, 2023 жылдың қазанында Центральная 6 мекенжайындағы апатты үйден адамдарды баспанадан шығарып, есік, терезесін жауып тастаған еді. Бүгінде ғимаратты бұзу мәселесі қаралуда деп хабарлайды irbistv.kz. Бұл баспана иелерінің тез арада үй алуының сирек кездесетін жағдайы десе де болады.
Центральная көшесі 6 мекенжайындағы үйдің жабық тұрғанына екі жыл. Есік, терезесі жабық болса да ішіне кіруге болады. Басқа жағындағы терезені дауыл кезінде ағаш сындырып тастаған. Ал бірінші қабатқа кіру мүлдем қиын емес. Көрші үйлердің тұрғындары мұнда үнемі балалар мен қаңғыбастар кіретінін айтады. Сол себепті адамдар оны бұзуды талап етуде және оның орнына не пайда болатынын бізбен бірге талқыласа дейді.
-Менің ойымша футбол алаңы орнына зейнеткерлер үшін жатығу құралдарын орнатса жақсы болар еді. Балалар да спортпен айналысатын еді. Ал футбол алаңы болмайтын шығар. Мұнда коммуникация орналасқан, - дейді Центральная көшесі №8 үйдің тұрғыны Александра Охина.
Павлодар әкімдігінде 24 пәтер иесінің барлығына баспана табылғанын айтты. 22 отбасыға мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана берілсе, тағы екеуіне өтемақы төлеген. Алайда көпқабатты үйді бұзуға әзірге дайын емес. Құжаттармен мәселе бар дейді.
«Қазіргі уақытта жеке меншік иелері кепілге қойып, мұрагерлік құқығын рәсімдеуде. Бұл рәсімдер аяқталған соң Павлодар қаласы тұрғын үй қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесі аталған нысандардың меншіктік құқығын тоқтату процесін аяқтайды, - деп хабарлады Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Мақпал Қаржаубай.
Бұзуға қанша ақша кететіні әзірге белгісіз. Дегенмен де футбол алаңын нақты орнататыны белгілі. Ал бюджеттен көшуге 550 миллион теңгеден астам бөлінген. Ал Затон мөлтекауданында 390 апатты баспана иесі көшуді күтуде. Және оның қашан басталатыны беймәлім. Естеріңізге сала кетейін, 2024 жылы тұрғындарға болашақ жаңа көпқабатты үйдің жобасы туралы айтып, жақында жұмыс басталады деген еді. Алайда барлығы тек әдемі картина түрінде ғана қалды, әзірге мұнда ескі құлайын деп тұрған барактар ғана.
