Павлодарда астанадан келген маман жүрек отасын жасауда

Елордадан келген маман кардиорталық дәрігерлеріне өңештік эхокардиография бойынша тәжірибесімен бөлісті. Мұндай ультрадыбыстық зерттеу отаға жатқан пациенттерге операцияға дейін және кейін жүргізіледі. Бұл жүрек қақпашасының құрылысын жете тексеруге мүмкіндік береді.

 

- Мен мұндағы мамандарды өңеш арқылы эхокардиографияны үйретуге келдім. Бұл жүрек ақауы, аортаның шарбылануы бар науқастарға жүргізіледі. Бүгін ортасы шарбыланған пациентке мұндай зерттеу жүргізіледі. Бұл қақпаша патологиясының диагностикасын, аортаның шарбылануының зақымдалу дәрежесін  анықтау  үшін  жасалады, - деді ұлттық ғылыми медициналық орталығының кардиолог дәрігері Сәуле Нұрақаева.

 

Кардиоорталық дәрігерлері мұндай мамандардың арқасында отадан соң жұмысымыздың нәтижесін толық көре аламыз дейді. Сонымен қатар соңғы бір жылда індетке байланысты жүрек ауруымен ауыратындар саны артқанын атап өтуде.

 

- Бүгінде Сәуле Серікқызы 300-ге жуық пациентті қабылдады. Бүл емханаларда және біздің стационарда. Хирургиялық көмекке мұқтаж пациенттер де анықталды.  Олар біздің орталыққа жіберіліп, порталға қойылды. Кейбіреулері  бөлімшеге жатқызылып отаға дайындалуда. Бұдан бөлек күнделікті операцияларға қатысады. Әрбір отадан соң біз жасаған жұмысымыздың нәтижесін көруіміз керек, - деді Павлодар облыстық кардиологиялық орталығы кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Мұрат Райханов.

 

Нұр-сұлтан қаласының білікті кардиолог маманы соңғы бір жылда біздің өңірімізге екінші рет келуде. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты мұндай шараларды жиі өткізу әзірге мүмкін болмай отыр.