• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда аты ауысқан жеті көшенің тақтайшалары әлі ауыспаған

Павлодарда аты ауысқан жеті көшенің тақтайшалары әлі ауыспаған

Өткен жылдың ортасында республикалық ономастикалық комиссия мақұлдаған соң Павлодарда 17 көшенің атауын өзгерткен. Көбісі Горторг ауданында. Бұл Ангарская, Декабристов, Юннатов, Читинская, Лесная, Парковая көшелері. Алайда жаңа мекенжай жазылған тақтайшалар барлық жерде деп айта алмайсың. Мәселен қала орталығындағы Циолковский Бауыржан Момышұлы атында болса да әлі ескі жазба тұр. ТҮКШ бөлімінде қаражат болмады деп түсіндірді. Барлығы 800 тақтайша ауыстыру керек болса тек жартысын ғана ауыстыруға ақша жеткен.

 

-Ағымдағы жылы тағы жеті көшедегі 400 жаңа тақтайшаны ауыстыруды сұрайтын боламыз. Себеп сол бір тақтайшаның бағасы өсіп кетті. Сол себепті біз бюджетті нақтылағанда қосымша қаражат сұрайтын боламыз. Өткен жылы ескі атаумен қалған жеті көшені биыл жаңартамыз,-деді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Әлібек Оразалин.

 

2022 жылы 10 көшеде көше атауын жаңасына ауыстырған. Барлығы 17. Енді барлығының ауысуын жаздың ортасына дейін күтуге тура келеді. Ол үшін бюджетті нақтылап, мемлекеттік сатып алу рәсімі өткізіледі. Айта кету керек өткен жылмен салыстырғанда мекенжай жазылатын тақтайшалардың бір данасы сегіз мыңнан 16 мың теңгеге қымбаттап кеткен.