• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда аулалардан қар шығару қызметі екі есеге қымбаттаған

Павлодарда аулалардан қар шығару қызметі екі есеге қымбаттаған

Қызмет көрсетуші ұйым басшысы Валентина Абрамова биыл қар шығару жұмысы қымбаттағаны туралы айтты. Өткен жылы жүк және тиегіштің 1 сағаттық жұмысы үшін 7000 теңге төлесе, биыл кем дегенде 12-ден 14 мың аралығында жұмсауға тура келеді. Сәйкесінше пәтер иелеріне табысталатын түбіртектегі сандар өзгереді.

- Биыл техниканы шақырту құны біршама артты. Сома әрине тұрғындардың қалтасы үшін ауыр. Біз мұндай жұмыстар үшін жыл сайын қосымша қорға қаражат жинаймыз. Баға қымбаттағанға байланысты әрине ол жеткіліксіз болады. Қар көп жауса, техниканың жұмыс уақыты өседі. Сондай-ақ, көктайғаққа байланысты жуырда бірнеше қап тұз сатып алып, септік. Әзірге тұрғындардан шағымдар түсіп жатқан жоқ, - қызмет көрсетуші ұйым басшысы Валентина Внукова.

Тұрғын үй инспекциясының мамандары арнайы техника ұсынатын жеке тұлғалардың қызмет көрсету құнына әсер етпейтіндерін айтуда. Барлығы дизель отыны және басқа да құрал жабдықтардың қымбаттауына байланысты.

- Ауладан қар шығару жұмыстарымен қызмет көрсету ұйымдары айналысу қажет. Павлодар облысының абаттандыру ережесіне сәйкес көпқабаттыға тиесілі 5 метр аумағын тазалықта ұстау қажет. Сондай-ақ, ПИК өкілдері қар көптеп жауған жағдайда арнайы техниканы шақырады. Оған қаражат алдын ала немесе жұмыстар орындалғаннан кейін жиналады, - деді Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің сектор меңгерушісі Дархан Әзімханов.

Ал егер қар уақытында шығарылмаған жағдайда, тәртіп сақшылары және тұрғын үй инспекциясы мамандарынан ескерту алуға болады. Оны елемеген жағдайда айыппұл салынады.