Павлодарда автобустардың жүру жиілігі 80% жетті

Бұл туралы ТҮКШ бөлімі хабарлады. Шенеуніктер мұндай көрсеткішке электронды билеттеу жүйесінің енгізілуі арқасында қол жеткізіп отыр. 1-ші желтоқсаннан бастап қаланың барлық қоғамдық көліктерінде сараланған тариф енгізіледі.

 

Қоғамдық көліктерде электронды билеттеу жүйесі жолаушылардың жүру көрсеткішін анықтау үшін енгізілді. Аталмыш сандарсыз тасымалдаушы компанияларға бюджеттен қанша қаражат субсидияланатынын білу мүмкін емес. Биыл әкімдіктің көмегімен павлодарлық парк 30 жаңа автобус сатып алды. Осылайша адамдар үшін қоғамдық көлікті күту уақыты біршама азайды.

 

-Жыл соңына дейін, яғни желтоқсан айында тағы 20 жаңа автобус келеді. Қаңтар және ақпан айларында парк қосымша тағы 20 автобуспен толықтырылады. Осылайша, бірнеше бағыт бойынша қатынайтын көліктердің мәселесі шешіледі. Оның алдында жүру жиілігі 50 пайыз болса, қазір көрсеткіш 80 пайызға дейін өсті,-дейді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің басшысы Арслан Қалияқбаров.

 

Қалалық ТҮКШ бөлімінде, уақытылы сараланған тарифтің енгізілуі арқасында, бірінші желтоқсаннан бастап қала сыртында трамвай үшін қосымша қаражат төлеудің қажеті жоқ. Сома 80 теңге болып қалады.