Павлодарда автомобиль сататын дилерлік орталық ашылды
Павлодарда жаңа «Astеr» дилерлік орталығы ашылды. Мұнда бірден үш брендтің өнімдері қойылған. Олар: француздық «Renault», ресейлік «LADA» және жүрілген және кепілдікте тұрған көліктердің «Aster» бірінші автосупермаркеті. Және мына «LADA Granta» үлгісінің бастапқы бағасы Павлодарлықтар үшін 3 миллион 890 мың теңгеге шығады. Автосалон өз сатып алушылары үшін ыңғайлы несиелік шарттар да ұсынады. Одан бөлек темір тұлпарын жаңасына, болмаса жүрілген автомобильге Trade-in бағдарламасы бойынша ауыстыруға болады. Ұсталған көліктерді алуды қалайтындар үшін «Aster» жеке бір қызмет түрін ұсынады. Бұл – қолданыста болған автолардың тексерілген, 244 тармақ бойынша диагностикадан өткен, заңдық тұрғыдан тазалығы анықталған үлгілерін ұсынады. Сондықтан барлық қолданылған автолар үшін «Astеr» 7 күнге толық және 30 күнге тегін техникалық кепілдік беріледі.
«Renault», «LADA» жаңа көліктерінің барлық тізімі мен кепілдік уақыты бар жүрілген темір тұлпарлар туралы мәліметтер бірегей aster.kz сайтында берілген. Онда үйден шықпай-ақ 360 градустық режмде іші мен сыртын, диагностикадан кейінгі техниклық жағдайы туралы бүкпесіз ақпаратты үйден шықпай-ақ көруге болады. Ал көлігіңізді сатамын десеңіз оның маркасын, үлгісін, шыққан жылын, жүрген шақырымын көрсетсеңіз жарты минуттың ішінде оның алдын ала бағасын білуге болады. Бұл шаралардың барлығы індет кезіндегі сатушы мен сатып алушының уақытын үнемдей отырып, олардың арасындағы пен қауіпсіздікті барынша қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.
- Біз қарқынды дамып жатырмыз, және Қазақстанда 10 дилерлік орталық аштық. Павлодар қаласы да ерекшелік емес. Өйткені мында «Renault » және «LADA» көліктеріне сұраныс жоғары. Көрме залдарында «Renault » және «LADA» брендтерінің әртүрлі комплектациясы мен түстері көрсетілген. Бізде осы көліктерге сервистік және кепілдік қызметтерін көрсетеміз, - деді Павлодар қаласындағы «Aster» дилерлік орталығы сату бөлімінің басшысы Иззат Ирисов.
Айта кету керек aster.kz интернет сайтында «Aster» автосупермаркеті ұсынған көліктерден бөлек жекелеген сатушылардан жалпы саны, 15 000 автомобиль қойылған. Мобильді қосымша App Store және Google Play-де жүктеуге дайын. Автосупермаркет Павлодар қаласы, Торговая, 1 мекенжайында орналасқан.

