Павлодарда азық-түліктік емес дүкендер жұмыс жасайды

Сонымен бірге қоғамдық көліктер тоқтамайды. Аталмыш жеңілдіктердің тек жексенбіге қатысы жоқ. Алайда алдағы желтоқсан 20-сы жұмыс күні екенін ескерсек, шектеу шаралары 27-і ғана жүзеге асырылады.

 

Ал монша, сауна орындары, СПА орталықтар кешкі сағат онға дейін жұмыс істейді. Тек жексенбі жабық болуы тиіс. Бұрынғысынша бұқаралық, көңіл көтеру және отбасылық салтанатты шараларға тыйым салынады, ал кинотеатрлар мен театрларға, сауда орындарындағы дәмханаларға, ойын,  банкет залдарына қатысты шектеулер сақталады.

 

- Қалааралық жолаушылар тасымалына рұқсат беріледі. Сәйкесінше Павлодар облысындағы блок бекеттер алынып тасталады, - деді Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлнар Ақылбекова.

 

Енді  балабақшалардағы кезекші топтарға жиырма балаға дейін бара алады. Ал мектеп пен жоғары оқу орындары қашықтықтан оқи береді.  Сонымен бірге мешіт пен шіркеулер ашық.