• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда балабақшаға орналастырудың жаңа ақпараттық жүйесі іске қосылды

Павлодарда балабақшаға орналастырудың жаңа ақпараттық жүйесі іске қосылды

 

 

 

 

Жаңа оқу жылына балабақшада топтарды жасақтау ертерек брондау арқылы жүзеге асырылады. Кезек 29 мамыр – 5 шілде аралығында жүргізіледі. Бүгін балабақша snation.kz жаңа сайты жұмысын бастады.

 

- Сайтта баланың және ата-ананың ЖСН арқылы баланы кезекке қою және жолдама алудың қалай жүзеге асырылатыны білім бөлімінің инстаграммдағы bilim_pavlodar парақшасында толық көрсетілген. Себебі индиго 24kz қарағанда мұндағы интерфейс басқаша,- деді Павлодар қаласы білім бөлімінің мектепке дейінгі сектор меңгерушісі Бақыт Қырықбесова.

 

Баланы мектепке дейінгі мекемеге орналастыру үшін ол міндетті түрде кезекте тұрған болуы тиіс. Кезек туған жылына, нешінші тұрғаны қай күні қойылғанына байланысты жеке жасақталады.

 

- Барлық балабақшалардың орналасуына қарай мөлтек аудандар жасақталған. Әрқайсысының өз кестесі, бос орындарды жариялайтын датасы болады. Кестелер білім бөлімінің ресми аккаунттарында және жаңа ақпараттық жүйенің аккаунтында шығады,-деді Павлодар қаласы білім бөлімінің мектепке дейінгі сектор меңгерушісі Бақыт Қырықбесова.

 

Биыл Павлодар қаласы бойынша 4,5 мыңнан көп баланы мектепке дейінгі тәрбиемен қамту жоспарлануда. Бұл 142 топ. Олардың 800-ден астамы ерте жастағы бөбектер.