• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда балабақшаға орынды ерте брондау жүйесі іске қосылды

Павлодарда балабақшаға орынды ерте брондау жүйесі іске қосылды

Ерте брондау жүйесі мамырдың 25-не дейін жалғасады. Алайда бүлдіршіндер балабақшаға тек шілденің соңында барады. Биыл 1-ден 5 жасқа дейінгі барлығы 5000-ға жуық баланы қабылдамақ. Басымдылық екі жастағыларға беріледі. 2500 орынды құрамақ.

 

- Ерте брондаумен қазір жолдама алғандар тамыз айында балабақшаға барады. Барлық балалар қабылданған соң, бос орындар қолжетімді болады. Бұл ретте ерте брондаумен жолдама алмаған ата-аналар орын ала алады, - деді Павлодар қаласы білім беру бөлімінің бас маманы Гүлбаршын Алтыбасарова.

 

Қажетті балабақшаны бос орын болған жағдайда ата-аналар білім беру бөлімінің сайтында өздері таңдай алады. Жолдама алу үшін «Индиго» сайтына кіру қажет.

 

- Жеке кабинет арқылы жүйе оларға автоматты түрде қазіргі кезде қолжетімді орындарды ұсынады. Жолдама алған соң, оларға баланы қабылдайтын нақты күн жіберіледі. Сол кезеңде ата-аналар құжаттарын тапсырады. Жолдама алған соң балабақшаға тіркеуге  5 күні болады, - дедіГүлбаршын Алтыбасарова.

 

Бұл ретте білім бөліміндегілер балалардың қауіпсіздігіне де аса қатты мән беруге шақырады. Жаз мезгілінің басталуымен көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен балалардың құлап кету жағдайын алдын алу мақсатында «Қауіпсіз терезе» акциясы басталды. Мамандар балалардың өмірін сақтап қалу үшін темір торлар орнатып, терезелерді жауып жүруге шақырады.