• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда балалар арасында вирустық инфекциялық ауру күшейіп тұр

Павлодарда балалар арасында вирустық инфекциялық ауру күшейіп тұр

Тек демалыс күндерінің өзінде облыстық балалар ауруханасына жеткізілген науқастардың саны өткен аптамен салыстырғанда екі есеге өскен.

- Сенбі және жексенбі күндері облыстық балалар ауруханасына 152 бала көмекке жүгінді. Оның 62-сі ауруханаға жатқызылды. 58 баланың ата-анасы жазбаша түрде ауруханада қалудан бас тартты. Сондай-ақ, 52 науқасты ауруханада жатқызу үшін себеп болған жоқ,-дейді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Мақпал Қаржаубай.

Осылайша бүгінде облыстық балалар ауруханасында 172 бала вирустық инфекциядан емделуде. Сондай-ақ, 34 науқас коронавирус жұқтырған.

- Облыстық балалар ауруханасында вирустық аурулар жұқтырған балаларға арналған 200 орын бар. Оның 80-і коронавирустық инфекциямен, ал қалған 120-сы маусымдық ауруларға шалдыққан науқастарға арналған, - дейді Мақпал Қаржаубай.

Денсаулық сақтау басқармасындағылар жедел респираторлық вирустық инфекциялардың бастапқы кезеңінде емханаларға барып емделуге кеңес беріп отыр. Себебі шұғыл  госпитализациялауды талап етпейтін науқастар ақ халаттылардың уақытын алып, қатты сырқаттанып тұрған балаларды кезекте күттіріп қояды.