• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда балаларының түнгі қыдырыстары үшін ата-аналары жауапкершілікке тартылды

Павлодарда балаларының түнгі қыдырыстары үшін ата-аналары жауапкершілікке тартылды

 

 

Облыста "түнгі қаладағы балалар" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде, шара аясында ювеналды полиция қызметкерлері рейдтер өткізуде дейді irbistv.kzтілшісі.

 

Нәтижесінде түнгі уақытта ойын-сауық орындарында және тұрғын үй-жайлардан тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болған 44 кәмелетке толмаған бала анықталды.

- Мысалы, түнгі уақытта сағат 23.00-ден кейін облыс орталығында орталық жағалауда 10 кәмелетке толмаған бала заңды өкілдерсіз жалғыз болды. Осыған ұқсас бұзушылықтар Май ауданының Малайсары ауылында, Павлодар ауданының Шақат және Луганск ауылдарында анықталды. Барлық жасөспірімдер полиция бөлімдеріне жеткізілді, онда ата-аналар шақырылды. Балалардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін ата-аналары жазаланды,- деді Павлодар облысы ПД ювеналды полициясының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибігүл Қамзина.

 

Рейдтер барысында өмірлік қиын жағдайға тап болған төрт жасөспірім анықталды.

 

-Барлығы балаларды қолдау орталығына орналастырылды. Полиция қызметкерлері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамайтын 2 жасөспірімді, 8 ата-ананы анықтап, есепке қойды. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 13 ата-ана жауапқа тартылды,- деді Павлодар облысы ПД ювеналды полициясының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибігүл Қамзина.

 

Фото: Облыстық ПД