• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда баласына миллион теңге алимент төлемеген ер адам ұсталды

Павлодарда баласына миллион теңге алимент төлемеген ер адам ұсталды

 

 

Міндеттерінен қашып жүрген ер адамды полицейлер рейдтік іс-шаралар барысында анықтаған дейді irbistv.kz тілшісі.


Кәмелетке толмаған балаларының алдында алимент бойынша берешегі бар ата-аналарды анықтау және ұстау бойынша рейдтік іс-шаралар кезінде облыс орталығының тұрғыны ұсталды.

-Павлодар қаласының тұрғыны алимент төлеу туралы сот шешімін орындамай, кәмелетке толмаған баласын асырауға миллион теңгеден астам қарыз болды. Қабылданған шаралармен 36 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлады Павлодар облысы ПД.

Фото: Freepik.com