• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда Баян батыр көшесіндегі қоқыс контейнерінің жоғалу себебі анықталды

Павлодарда Баян батыр көшесіндегі қоқыс контейнерінің жоғалу себебі анықталды

Баян батыр көшесі, 9 мекенжайында қызық оқиғалар орын алуда. Белгісіздер ауладағы жалғыз қоқыс контейнерін және оны қоршап тұрған металл конструкциясымен бірге шығарып алып кеткен. Соңғысын жергілікті тұрғындар жеке қаражатына орнатқан екен. Енді халық қоқысты барлығын бос жерге үйіп, үйдің алдының быт-шытын шығаруда. Ал үйінділердің жағымсыз иісі өзге мөлтек аудандарға да сезіледі.

 

- Әкімдіктің тапсырмасы, ТҮКШ бойынша біздің қоқыс контейнерін алысқа алып кетті. Мен ота жасалғаннан кейін ол жаққа қалай жетуім керек? Зейнеткерлер, мүгедектер бар. Барлығы осы жерге қорқыстарын қоя салады. Біздің контейнерді қайта орнына қойсын. Қоршауларымен бірге. Біз оны өз ақшамызға орнаттық, - дейді Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметі басшысы Салтанат Әкімбекова.

 

Бұл мәселенің артында үй басшысының тұрғандығы белгілі болды. Қалалық әкімдік жәшіктің алынып тасталуы осы тұрғынның өтініші бойынша орындалғанын мәлімдеді.

 

- Бұл контейнерді осы үйдің тұрғындары ғана емес, жақын маңдағы үйлер де пайдаланады, тіпті ауданда орналасқан дүкендерге келушілер де осы контейнерді қолданған. Оны үй басшысының өтініші бойынша алып тастаған. Себебі айналаға қоқыс шашылған. Бүгінгі күнде тұрғындар қоқысты жақын маңдағы орындарға тастаулары қажет, - деді Салтанат Әкімбекова.

 

Енді көп қабатты үй тұрығындарына қоқыс контейнерін қайтару мәселесін үй басшысымен шешу керек, немесе қоқыстарын терезе маңына жинай береді. Ал өзге аулада бар қоқыс жәшігіне зейнеткерлер бармайтындарын жеткізді.