Павлодарда бағдаршам үшін 190 миллион теңге бөлінбек

Жобаны 2021 жылы жасаған, қазір коммуналшылар оны жүзеге асыруға дайын. Айтуларынша тұрғындар электронды реттегіштерді үнемі сұрайды екен. Алайда барлық жерге орната беру мүмкін емес. Тізім белгілі. Ворушин — Радищев, НұрмағамбетовЖібекЖолы, БектұровЕдігеби, ТолстойДүйсенов, ТолстойКіші айналма, ТолстойБұқарЖырау, Нұрмағамбетов— Минин, Ломов — ЖібекЖолы, Российская — Щедрин, ЕстайБұқарЖырау қиылысы сонымен қатар, Толстой көшесіндегі экономикалық тергеулер департаменті жанында және Нұрмағамбетов көшесіндегі «Даниял» дүкені қасында.

 

-Көптеген тұрғындар қиылыстарға бағдаршам орнатуды сұрайды, алайда барлық жерге қою мүмкін емес. Бұл ыңғайсыздыққа, көлік кептелісіне әкеледі. Келесі жылға 15 қиылыс бойынша жобалық-сметалық құжаттама жасауға өтінім бердік,- дейді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Әлібек Оразалин.

 

Жаңа бағдаршамдарды жобалаумен айналыса отырып, жаңаларын орнатады. Айта кету керек, қиылысқа электронды реттегіш орнату бойынша шешім қабылдамас бұрын әкімшілік полициямен келісіледі. Онда да әрдайым мақұлдамайды.

 

Авторы:Бибінұр Хамитқызы