Павлодарда бензин не себепті қымбаттады?

92-нің литрі 160-тан босатылса, жоғары октанды 95-ші 183-теңгеге дейін жетеді. Осы ретте, павлодарлықтар жанармайдың бағасы өскен соң, басқа да қызмет және азық-түлік түрлері қымбаттайды деген ойда.

 

- Әрине, қымбаттайды. Клік шығыны қымбатаса, түгелі де қымбаттайды. Сондай жағдай, - деді павлодарлықтардың бірі.

 

Айта кетсек, өткен жылы отандық мұнай өндейтін зауыттар 4,5 миллион тонна бензин шығарды. Оның 4 миллионы ішкі нарықтың сұранысына кетті. 500 мың тоннасы экспортталды. Бұған қарамастан, статистика бойынша ТМД елдері арасында ең арзан бензин Қазақстанда сатылады екен. Ал ҚР Энергетика министрлігінің вице-министрі Әсет Магауов болса жағдайға мынандай түсініктеме берді: «Қазақстан Республикасында бензин бағасы шекаралас мемлекеттердегі бағадан өте арзан немесе аса қымбат болмауы тиіс. Ішкі нарықта баға төмен болған жағдайда отандық өнімнің шекаралас мемлекеттер нарығына ағылуына байланысты тапшылық қаупі туындайды, ал жоғары болса импорттық бензин үлесі артады және салдарынан қазақстандық қоймалардың отандық отынмен толып кетуі және кейіннен еліміздегі мұнай өңдеу зауыттары қайта өңдеу көлемінің төмендетуге мәжбүр болады».

 

Сондай-ақ, бензин құны мұнай өнімінің көтерме бағасы, тасымалдау құны, сақтау, салық және акциздерге тікелей байланысты.