• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда билер кеңесі 4 жыл ішінде 7000 жуық мәселені қарастырды

Павлодарда билер кеңесі 4 жыл ішінде 7000 жуық мәселені қарастырды

 

 

 

 

Павлодардағы билер кеңесі 2019 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Бүгінде аға буын өкілдері әртүрлі істерді қарап, әділетті шешімдерін шығаруда. Айтуларынша, осы уақыт аралығында көбінесе отбасылық сұрақтар жиі көтеріледі.

 

Кеңесте 22 адам бар. Аптасына екі мәрте олар түрлі мәселелерді, дау-дамайларды қарап, әділ шешімдерін шығарады. Ажырасу статистикасына сүйенсек, әр 10 отбасының 3-4-шісінде шаңырақ шайқалуға дейін жететінін ашынып жеткізді. Көбінде тұрмыстық мәселеге байланысты дейді.

 

- Ажырасудың өзі 10 шақты түрі бар. Мысалы ажырасудың 10 шықты түрі дегенде, оның ішінде, баспанасы жоқ, не жұмысы жоқ, енелерімен сыйыспайды, апаларымен деген сияқты, тағы да басқа, ішімдікке салынады, әр түрлі құмар ойындарға деген сияқты. Осылардың барлығы ажырасуға әкеледі. Және бір жыл үйленгендер, 5,10,20,40 жыл үйленгендер де ажырасып жатады,-дейді Павлодар облысы билер төрағасының орынбасары Әбжан Шахматәленов.

 

Осы уақыт аралығында 6800-ден астам еңбек қарым-қатынасы, отбасылық, құқықтық деген сияқты мәселелер қаралған. Олардың 50 пайыздан астамы оң шешімін тапқан.