Павлодарда биыл 50 шақырымнан астам жол жөнделеді

 

 

Ол туралы қалалық ТҮКШ бөлімінде айтты. Асфальттың көп бөлігін мүлдем жоқ бөлігіне төсейді. Бюджеттен 3 миллирад 300 миллион теңге бөлген.

 

Биыл 9 жол телімін жөндейді. Бұл жерлерде жай ғана шұңқырларды жамау жарамайды. ТҮКШ бөлімінің ақпараты бойынша бұл Баян Батырдан бастап Ледовскойдан солтүстік өнеркәсіптік ауданға дейін, Кіші айналма жол Момышұлыдан бастап Малайсары батыр көшесіне дейін, Ворушин Ломовтан бастап Момышұлыға дейін және Қазправдадан Ладожскаяға, Жібек жолы Ломовтан қалалық көңқордаға апаратын бұрылысқа дейін, Щедрин Қамзиннен бастап Жібек Жолына дейін, Қамзин Толстойдан бастап Гагаринге дейін, Гагарин Сәтбаевтан бастап Жамбылға дейін, Нұркин Ломовтан Амангелдіге дейін, Теплов Толстойдан Мәшхур Жүсіпке дейін.

 

-Аталмыш жолдарды жөндеу үшін жобалық сметалық құжаттама жсалды. Сараптама 15 мамырға қарай қолға тиеді. Шамамен жұмыстар маусымда басталады,-деді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары Арман Құсайынов.

 

Бюджеттен жолдарды орташа жөндеуге 2 миллиард теңге бөлген. Павлодарда барлығы 21 шақырым асфальтты жаңартады. Сонымен қатар жеке секторды абаттандырады. Шенеуніктер алдағы уақытта барлық шағын көшелерді де асфальттамақ.

 

-Топырақ жолдардың ағымдағы жөндеуіне биыл 55 көше телімі мен тұйық көше кіріп отыр. Бұл 35 шақырым, оған 1,3 миллиард теңге жұмсалмақ. Жұмыстар мамырдан қазан айына дейін орындалады,-деді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары Арман Құсайынов.

 

ТҮКШ бөлімінің ақпараты бойынша Зеленстройда 13 көше, Горторг ауданында 15 жол, Лесозауытта 6, Радиозауытта 5 көше асфальтталады. Сонымен қатар Павлодардың түрлі бөлігіндегі 16 тұйық көше бар.