Павлодарда биыл 50 жаңа аялдама орнатылмақ

Жаз мезгілінде қала ішінде жалғыз ғана аялдама павильоны пайда болды. Шенеуніктер әлі 49-ын қолданысқа беруді жоспарлайды.

 

- Ағымдағы жылы жаңа аялдама павильондарының құрылысына 99 миллион 614 мың теңге бөлінді. Бүгінгі таңда тек бір павильон Сәтпаев көшесіндегі Чехов аялдамасында орнатылды. Қазір павильондардың құрылымын дайындау жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлайды Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Бауыржан Аралов.

 

Коммуналшылар жыл соңына дейін бөлінген қаражатқа тағы 49 құрылым орнатуды жоспарлайды. Ал павильондары мүлдем жоқ аялдамаларға орталық көшелерден демонтаждалғандарды қоятын болады.

 

Айтмұхамбет Айғожа