Павлодарда биыл жалпы 30 000 шаршы метр гүл отырғызбақ

Мұнда 3000-ға жуық барқытгүл, шырайгүл, нарғызгүл сынды өсімдіктер отырғызылады. Бригадир Майя Кабсалыкованың айтуынша бұл салада үшінші жыл, жұмыс қызықты.

 

-Бұл гүлдерді жеткізуге, ауа райы жағдайына, адамдар санына байланысты. Бүгін мысалы бұл аумаққа 3-4 сағат кетеді. Біз эскиз бойынша жұмыс жасаймыз,- дейді бригадир Майя Кабсалыкова.

Жалпы қала бойынша 30 мың шаршы метрді гүлдендіру жоспарланған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Қазіргі таңда тең жартысын отырғызып үлгерді. Жаңа аумақтар да бар.

 

-Қазір ауғандар саябағында гүлзарлар ұйымдастырмақпыз. Бұл Сұрағанов – Лермонтов көшелерінің жанында. Сонымен қатар Кривенко көшесінде Жеңіс алаңы жанында. Айта кететіні біз көбіне бар гүлзарлардың көлемін кеңейтіп жатырмыз,- дейді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары Арман Құсайынов.

 

Коммуналшылардың айтуынша биыл гүлдерді отырғызуға және күтіп, баптауға 150 млн теңгеге жуық жұмсалмақ. Бұл ретте жұмыстар уақытында және сапалы атқарылады дейді.

 

Авторы:Арнагүл Исабекова