Павлодарда бірнеше автобус аялдамаларын ауыстырады

Павлодарлықтар орталық көшелерді жаңа аялдамаларды бағалап үлгерді. Естеріңізге сала кетсек, ескі шынылары тұрғындардың көңілінен шықпаған еді. Бірінші кезекте ол не жауын, не желден қорғамайтынын айтқан еді.

 

Биыл соның есесін қайтарып, жабық түрін таңдапты. Павлодардың орталық көшелерінде 2022 жылы автобус аялдамаларын өзгерте бастады. Биыл жалғастырады. Жолаушы ең көп шоғырланатын бағыттарды таңдаған.

 

-Аялдамалар Торайғыровта, Сәтбаевтан Назарбаевқа дейін, Толстой бойынша Сәтбаевтан Қамзинге дейін, Қамзинда Нұрмағамбетовтан Ладожскаяға дейін және Торайғыров көшесі мен вокзалда, фермерлік базарда жылы аялдама пайда болады,-деді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары Арман Құсайынов.

 

ТҮКШ бөлімінде қала бойынша барлығы 50 жаңа аялдама орнатылатынын жеткізді. Тағы үш жылысын орнатпақ. Бюджеттен бұл мақсатқа 294 миллион теңге жұмсамақ. Қашан жүзеге асырылатыны туралы әзірге белгісіз.