Павлодарда бірнеше автобустың бағыты өзгерді

Әзірге жолдар ашық. Алайда жөндеу жұмыстары басталып кеткен.

- «Павлодар жылу желілері» ЖШС жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқандығына байланысты Академик Сәтбаев көшесінде көлік қозғалысы жабық болады. Яғни бұл Ломовтан бастап Гагарин көшесіне дейін. Сол себепті № 1 экспресс, 7, 17, 66 автобустарының бағыты өзгереді, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

Оңтүстіктен солтүстікке қарай Академик Сәтбаев көшесімен қозғалыс кезінде автобустар бірінші Теплов көшесіне, кейін Ломовқа бұрылып, әрі қарай өз бағытымен кетеді.