• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда дастархан басындағы кикілжің қанды қылмыспен аяқталды

Павлодарда дастархан басындағы кикілжің қанды қылмыспен аяқталды

 

 

Қылмыстық сотта қала пәтерлерінің біріндегі адам өлтіру фактісіне қатысты үкімін шығарды дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Кісі өлімі Айманов көшесіндегі көпқабатты үйдің кіреберісінде орын алды. 30 жастағы айыпталушы досына қонаққа келген, ал жәбірленуші қыздың ата-анасының мейманы болған. Дастархан басында кикілжің туындап, артынша екеуі сыртқа шыққан. Нәтижесінде, айыпталушы пышақ сілтеп өлтіріп тастаған.

 

- Сіз ас бөлмеге барып пышақты алып шыққаныңызды және жәбірленушінің кеду тұсына бағыттағаныңызды мойындадыңыз,-деді Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Нұрлан Қайырбеков.

 

Жәбірленуші бір соққыдан тіл тартпай қайтыс болды. Қылмыстық іс кісі өлтіру дерегі бойынша қаралды. Сот кінә толығымен дәлелденген деген қорытындыға келді.

 

- ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлімі бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын,-деді Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Нұрлан Қайырбеков.

 

Сондай-ақ, ер адамға әр тарапқа 5 миллион теңгеден моральдық шығын төлеуі тиіс. Оған қоса маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.