Павлодарда доллар қымбаттады

 Бүгінде Павлодардағы ақша айырбастау пунктерінде америкалық валюта 429,8  теңгеден сатылса, сатып алу – 431 теңге. Жасыл валюта соңғы бір жылға жуық уақытта 420-426 теңгенің арасында құбылмалы болған еді. Сарапшылар доллар өсіміне ешқандай саяси жағдайлар әсер етпейді деген ойларын айтуда. Бірден-бір фактор - құбылмалы мұнай құны.