• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні атап өтілуде

Павлодарда дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні атап өтілуде

3 қалалық ауруханадағы эндокринология бөлімшесі бұл саладағы тәжірибелерімен бөлісті деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

3 қалалық ауруханадағы эндокринология бөлімшесі бұрыннан тәжірибелі мамандарымен және қант диабетін емдеудегі жетістіктерімен танымал. Бұл жерге науқастар жоспарлы түрде де және жедел асқынулармен шұғыл түрде де жетізіледі.

 

- Бүгінгі таңда әр оныншы адам қант диабетімен ауырады деп айтуға болады, егер әлем бойынша айтатын болсақ, шамамен 500 миллион адамға бұл диагноз қойылған, ал қант диабетімен ауыратынын білмейтін адам қаншама? Қазақстан бойынша орташа алғанда 500 мыңға жуық адам бар. Ал облысымызда мұндай диагнозбен 25 мың науқас тіркелген,-деді №3 қалалық ауруханасының эндокринологиялық бөлімшесінің меңгерушісі Ирина Тумбарцева.

 

Бұл - диабетология орталығы. Мұнда пациенттерге кеңес беріп қоймай, аймақтағы қант диабетімен ауыратындардың динамикасын бақылап, мәселені шешу жолдарын талқылайды. Сондай-ақ, мамандар шеберлік сабақтарын өткізеді. Ауыр науқастарды реанимациялағаннан кейін дәрігерлер қантты төмендететін терапия жүргізеді. Мамандардың барлық нұсқауларын орындайтындар әдеттегі өміріне қайта оралады. Мысалы, Аян Исабаева.

 

- Бұл жердің мамандары өте мықты. Сол себепті мен осы аруханада емделуді шештім. Бұл ауруханада диабет мектебінде оқытады. Бұл өте керемет. Инсулин мен дәрі-дәрмектерді дұрыс енгізуді үйретеді,-дейді науқас Аян Исабаева.

 

- Қант дибеті мектебі 1996 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол жерде біз аурудың мәні, бұл аурумен қалай бақытты өмір сүруге болатыны жайлы, денсаулықты бақылау және дәрі-дәрмектерді дұрыс қабылдау сияқты ақпаратпен бөлісеміз. Қант диабетінің асқынуы өте қиын жағдайларға әкеліп соғады, ал біз оны болдырмау үшін осындай жұмыстар атқарып, науқастың өмір сапасын жақсартамыз,-деді диабетологиялық орталықтың жетекшісі Гүлнар Мейрамова.

 

Қант диабетіне шалдыққан науқастар емдеу шаралары мен дәрі-дәрмектерді тегін алады. Жоспарлы медициналық тексерістер де міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы жүргізіледі.

 

Фото: Freepik.com