Павлодарда дәретхана қағаздары қымбаттады

Energyprom.kz мониторингілік агенттігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, дәретхана қағазы орта есеппен елімізде 6% қымбаттап отыр. Аймақтық жағдайда бағаның ең жоғары өсуі Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалды. 10% қымбаттаған. Ал Павлодар облысында қағаздың өсімі 6,7% құрады.

- Басында үрке қарайтын едік, қазір қымбаттауларға үйреніп алдық. Бағаға қарамайтын болдық қой, - дейді Павлодар тұрғыны.

Жергілікті компаниялар қағаздан жасалған майлық, жайма және дәретхана қағазына деген ішкі нарықтағы сұраныстың 68 пайызын ғана қамтамасыз еткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда аз. Есесіне импорт тауарлар 12 мың тоннаға дейін артыпты. А4 форматындағы қағаз да бір жыл ішінде 5,8%-ға қымбаттады.