Павлодарда экологиялық акция аясында қандай шаралар атқарылуда?
Жаңа көшеттерді отырғызуды тұрғындар көптен бері армандап келген. Себебі, ауладағы ағаштардың өсіп тұрғанына жарты ғасырдан асып кеткен. Көбі әбден ескіріп қалыпты. Жасыл желектерді павлодарлық орманшылар сыйға тартып отыр.
- Айманов көшесіндегі 2 және 3-үй тұрғындары өзіміздің үйдің жанындағы ескі шіріген ағаштарды алып, қаладағы жасыл фондтардан қарағай, тополь алдырып міне егу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, - деді қала тұрғыны Қайырбек Асылбек.
Ескі ағаштарды кесіп, шығарып тастады. Тұрғындарға жастар бастамаларын дамыту орталығының еріктілерге көмекке келді.
- Біздің қаламыздың тарихында бұл бірінші сондай акция. Осы үйдің тұрғындары өзі шығып, осы жердің флорасын жаңартып отыр. Осы адамдардың арасында көптеген қарт адамдар бар және менің ойымша қарт адамдар күнінде шығып олар бізге өте жақсы үлгі көрсетіп жатыр, - деген ерікті Зияда Нұрмұхаммед.
Айманов көшесіндегі 2-ші және 3-ші үй тұрғындарының басым бөлігі зейнеткерлер. Сондықтан, мұндай экологиялық акция қарттар күніне орай үлкен сыйлық болды.