Павлодарда екпе паспортын сатып алған әйел өкпені жасанды желдету құралына таңылған
Бір ай бұрын Павлодар облысының емханаларына тәулігіне 6 мыңға жуық адам екпе алған. Қазір орта есеппен 2 400 адам салдырады. Денсаулық сақтау басқармасы ұжымдық иммунитет туралы сөз қозғау әлі ерте екенін жеткізді. Халықтың тек 30 пайызы ғана егілген. Сонымен қатар, реанимацияға түскен науқас вакцинация паспортын сатып алғанын мойындады.
- Жалған құжатты сатып алған. Ол мұны өзі мойындады, туысқандары да төлқұжаттың алғанын айтты. Науқас бүгінде өкпені жасанды желдету аппаратында, - дейді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Ситқазинов.
Әйел 60 жастан асқан. Ол паспортты Павлодар облысынан тыс жерде сатып алдым депті. Денсаулық сақтау басқармасы вакцина алған, бірақ қайтыс болған науқас жайлы мәлімдеді. Анықталғандай егде жастағы ер адамға вакцина көмектесе алмаған, және ол ілеспелі аурудан көз жұмыпты. Жалпы айтқанда, өлім статистикасы өсуде.
- Өткен шілде айында КВИ 81 адам көз жұмды. Ал тамыз айының 12 күнін алатын болсақ 47 адам қайтыс болды, - дейді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы мекемелерінің стратегиялық дамыту және инновациялық технологиялар бөлім бастығының м.а. Ерғалы Асылбек.
Қазір өңірде стационарлық емдеуде 1 600 пациент, реанимацияда 115 адам, оның ішінде 22-і ӨЖЖ аппаратында, ал 61-і инвазивті емес өкпені желдетуде. Олар бүкіл отбасылармен ауырады. Мысалы, балалар ауруханасында пневмониясы бар төрт баласы бар ана жатыр. Әкесі модульдік ауруханада ем алуда.
Авторы: Бекбол Мырзахан
