• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда екі күн бойы жаңбыр суын сору жұмыстары жалғасуда

Павлодарда екі күн бойы жаңбыр суын сору жұмыстары жалғасуда

Әкімдікте бұл бағытта қанша техника жұмылдырылғаны жайлы айтты. Сонымен қатар, мамандар аула немесе көшедегі үлкен шалшықтар бойынша қайда хабарласуға болатыны туралы тілге тиек етті дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Жауын-шашын мөлшері көп болғанына қарамастан, Павлодар көшелері құрғатылды. Арнайы техниканың 15 бірлігі тәулік бойы режимде жұмыс істеген. Олар ең алдымен су басу қауіпі жоғары көшелер мен аулаларға барған.

 

-Көлік түгелі, адам өте алмай қалды. Арнайы қызмет мүмкіндігінше жұмыс жасап жатыр. Шынымен су көп болды. Қазір біраз жақсы болып қалды,-дейді павлодарлық тұрғындар.

 

Соңғы күндері қаладан 5000 текше метр су сорып шығарылды. Алдағы демалыс күндері тағы да жауын-шашын күтілуде. Сол себепті бұл бағыттағы жұмыстары жалғасады.