Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Павлодарда электронды билеттеу операторлары жолақыны картамен төлеуге үндейді

Қоғам

98
«ВРС Казахстан» жобалар басшысының айтуынша жүргізушілер кейде тек қолма-қол ақша алғысы келеді. Жолаушыларда әлеуметтік желілерде оларға шағымдануда.

Павлодарда қоғамдық көліктегі жолақыны төлеу мәселесі әлі де шешімін таппай келеді. Қалада екі оператор бар. Олар электрондық билеттеуді енгізумен айналысуда. Солардың бірі «ВРС Казахстан» қаладағы трамвайлар мен бағыттық автобустардағы жолақы үшін жауапты. Анықталғандай қазіргі таңда фирма мен жүргізушілер және кондукторлар арасында мәселе туындаған.

- Жүргізушілермен мәселе бар. Себебі олар қолма-қол ақшамен жұмыс істеп үйренген. Оларға күніне 100 адам тасып, сегіз мың теңге тауып, сол ақшаны үйге алып кеткен тиімді. Соған жанармай құйып, дүкеннен бірдеме алып дегендей, барлығы ақшаны бірден алғысы келеді, - дейді «BPC Казахстан» ЖШС жобалар басшысы Даниил Соколюк.

Әлеуметтік желілерде жүргізушілерге шағым көп. Мәселен бағыттық шағын автобустарда QR емес қолма-қол ақша сұрайды дейді. «ВРС Казахстан» операторы мұндай бұзушылықтар орын алған жағдайда 8 800 004 04 30 бірыңғай нөміріне хабарласуды сұрайды. Компанияда павлодарлықтарды арнайы карта алуға міндеттемейтіндерін айтты. Әдеттегі банк картасы да жарайды.

- Сіздерге қандай да бір банк картасын алып, оны толтырып, балансын үнемі тексеріп отырудың қажеті жоқ. Әмиянда бос орын іздеп те қажет емес, - деді Даниил Соколюк.

Қазіргі таңда қалада әдеттегі тұтынушылар үшін көлік карталары әлі жоқ. Тек әлеуметтік, оқушыларға және зейнеткерлерге арналғаны бар. Енді бұл санаттағылар да өз мәртебесін жолақы төлеуге арналған банк картасына қоса алады.

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()