Павлодарда елімізде бұрын-соңды болмаған бірегей ота өтті
Семей қаласының 39 жастағы тұрғыны қолқаның қатпарлануымен кардиологиялық орталыққа санавиациямен жеткізілген.
Павлодарлық білікті мамандар гибридті қолқа доғасын ауыстыру операциясын алғаш рет сәтті жасап, науқасты аман алып қалды.
- Екі жауырынымнан дем ала алмай қалдым. Сондай жағдаймен КТ-ға бардым. Осындай жағдай екенін білді, осы клиникаға келдім. Осы клиникада жасап берді. Бәрі сәтті өтті деп ойлаймын. Осы кісілердің арқасында тірі жүремін. Балаларымды көремін Алла бұйыртса, - дейді науқас Қайрат Қайранбеков.
Күрделі ота кезінде барлығын бақылауда ұстау қажет. Науқастың дене қызуы 25 градусқа дейін түсіріледі. Алайда бұл жолы 30 градус жеткілікті болған. Қан айналымын да шекті 40 минуттың орнына тек 26 минутқа тоқтатқан. Отаны төрт жарым сағатта жасаған.
- Алдында мұндай операциялар бірнеше этаппен жасалатын. Яғни қолқаның аортадан жүрекке шыққаннан кейінгі жоғары өрлеуші, көлденең, ми тамырын қамтамасыз ететін үш тамырды протез жасалынатын. Екінші этаппен астынан кіріп стэнграф қоятын. Бұл операцияның маңыздылығы бір этаппен жасалады, - дейді облыстық кардиологиялық орталық директорының медициналық қызмет сапасы бойынша орынбасары Кенжебек Алтенов.
Айта кетіні мұндай патологиямен адамдардың 65 пайызы алғашқы тәулікте жан тапсырады. Бұл бірегей отаны жасау үшін мемлекеттен 9 миллион теңгедей жұмсалған. Алайда пациентке ол тегін жүргізілді.